Дзюдо
12 қараша 11:09

Елдос Сметов жарақатынан кейін татамиге оралатын уақытты айтты

©Сали Сабиров, ҚР ҰОК

Иығына операция жасатқан қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов қашан жарыстарға оралуды жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Сметов Алматы қаласы Спорт басқармасының баспасөз қызметіне берген сұхбатында қазіргі уақытта оңалту курсынан өтіп жатқанын және жарақаттан кейін біртіндеп қалпына келуде екенін мәлімдеді.

Жоспар бойынша, спортшы жаттығуларын желтоқсан айында қайта бастайды. Ал толыққанды татамиге оралу 2026 жылға жоспарланған.

Елдостың нақты бір турнирлерге қатысатыны әзірге анық емес. Бұл шешім қалпына келу барысына, дайындық деңгейіне және спорттық бабына байланысты болады.

Елдос Сметов - Қазақстанның ең атақты дзюдошыларының бірі. Оның қоржынында Олимпиаданың барлық дәрежедегі жүлделері бар: 2024 жылғы Париж Олимпиадасының алтыны, 2016 жылғы Рио ойындарының күмісі және 2020 жылғы Токио Олимпиадасының қоласы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport