Дзюдо
15 наурыз 2019 13:37
 

Елдос Сметов "Grand Slam" халықаралық турниріне қатыспайтын болды

  Пікірлер

blog.share

Елдос Сметов "Grand Slam" халықаралық турниріне қатыспайтын болды

Қазақстандық Елдос Сметов дзюдодан әлемдік "Grand Slam" жарысына қатыса алмайды, - деп хабарлайды Vesti.kz Қазақстанның дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Спортшының жарыс алды жаттығу кезінде жарақаты сыр берген. Айта кетейік, 2018 жылы Елдос Сметов дәл осы турнирдің жеңімпазы болған. 

"Ақпан айында Алматыда өткен оқу-жаттығу жиындарында иығымнан жарақат алған болатынмын. Кеше жарыс алдындағы жаттығу барысында сол жарақатым сыр беріп, әлі толық қалпына келмегенін көрсетті. Сол себепті, Екатеринбургте өтетін жарысқа қатыспайтын болдым. Бұйырса, осы айдың соңында Анталияда өтетін Гран При турниріне қатысамын", - дейді Елдос Сметов.

Естеріңізге салайық, 15-17 наурыз күндері Екатеринбург қаласында дзюдодан "Grand Slam" турнирі өтеді. Оған әлемнің 48 елінен 500-ге жуық дзюдошы белдеседі. Қазақстаннан бұл жарысқа 19 спортшы қатысады

blog.share
Қазақстандық Елдос Сметов дзюдодан әлемдік "Grand Slam" жарысына қатыса алмайды, - деп хабарлайды Vesti.kz Қазақстанның дзюдо федерациясының
баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Спортшының жарыс алды жаттығу кезінде жарақаты сыр берген. Айта кетейік, 2018 жылы Елдос Сметов дәл осы турнирдің жеңімпазы болған. 

"Ақпан айында Алматыда өткен оқу-жаттығу жиындарында иығымнан жарақат алған болатынмын. Кеше жарыс алдындағы жаттығу барысында сол жарақатым сыр беріп, әлі толық қалпына келмегенін көрсетті. Сол себепті, Екатеринбургте өтетін жарысқа қатыспайтын болдым. Бұйырса, осы айдың соңында Анталияда өтетін Гран При турниріне қатысамын", - дейді Елдос Сметов.

Естеріңізге салайық, 15-17 наурыз күндері Екатеринбург қаласында дзюдодан "Grand Slam" турнирі өтеді. Оған әлемнің 48 елінен 500-ге жуық дзюдошы белдеседі. Қазақстаннан бұл жарысқа 19 спортшы қатысады

Жарнама

Живи спортом!