Елдос Сметов дзюдодан әлем чемпионатын жеңіспен бастады

©Olympic.kz

Өзбекстан астанасы Тәшкент қаласында дзюдодан әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Әлем біріншілігінің алғашқы күні 60 келіде өнер көрсететін қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов татамиге шықты. Бірінші белдесуінде отандасымыз 2021 жылғы әлем чемпионатының, 2021 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері әзірбайжандық Карамат Гусейновтан айласын асырды. 

Сонымен қатар, осы салмақта бүгін тағы бір қазақстандық дзюдошы өнер көрсетті. Ол - Мағжан Шамшадин. Бірақ Шамшадин бірінші белдесуінде италияық Анджело Пантанодан жеңіліп қалды. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар