Дзюдо
Бүгін 16:03

Елдос Сметов Азиада финалындағы жеңілістен кейін Гран-приге баратын құрамға енбеді

©Тұрар Қазанғапов

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Хорватияның Загреб қаласында өтетін Гран-при турниріне қатысушылардың алдын ала тізімін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

13-15 қараша аралығында өтетін жарыста Қазақстан атынан 17 дзюдошы сынға түседі.

Құрама сапында Олимпиада чемпионы Елдос Сметов болмайды. Ол соңғы рет Жапонияда өткен жазғы Азия ойындарында татамиге шыққан еді. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында қазақстандық дзюдошы жапониялық Хаято Кондоға есе жіберіп, күміс иеленді.

Қазақстан құрамасының тізіміЕрлер:

60 келі: Аман Бақытжан, Нұрадил Әлжан
66 келі: Нұрқанат Серікбаев
73 келі: Бақытжан Абдурахманов
90 келі: Ермахан Ануарбеков, Нұржан Бисенов
100 келіден жоғары: Ерасыл Қажыбаев, Жантелек Нұртилепұлы

Бұрымдылар:

48 келі: Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева
52 келі: Меруерт Сәрсенова, Аружан Ережепова
57 келі: Дана Әбдірова
63 келі: Эсмигүл Қуюлова
70 келі: Ажар Асхат
78 келі: Екатерина Токарева
78 келіден жоғары: Аида Тойшыбекова

Қатысушылар тізімі өзгеруі мүмкін екені хабарланды. Қазақстан құрамына жуырда өткен Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алған Әбиба Әбужақынова да енді. Ал Бакуде өткен әлем чемпионатында ол алғашқы белдесуінде жеңіліп қалды.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport