auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Елдос Сметов әлемдік рейтингте үздік бестікке енді

Таяуда 60 келіде белдескен Елдос Сметов турнир жеңімпазы атанды.

Елдос Сметов әлемдік рейтингте үздік бестікке енді

Халықаралық дзюдо федерациясы Будапешттегі Гран-при кезеңі аяқталған соң әлемдік рейтингті жаңартты. Жаңартылған рейтингте Елдос Сметов алтыдан бесінші орынға көтеріліп, ТОП-5 қатарына енді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Дзюдодан Будапештте өткен Гран-при турнирінде 60 келіде белдескен Елдос Сметов турнир жеңімпазы атанды. Финалда Елдос Сметов пен моңғолиялық Ганбат Болдбаатар кездесті. Тартысты жекпе-жекте Елдос айқын басымдықпен жеңіске жетті. Алдымен "ваззари" ұпайын алған ол кездесу аяқталуға санаулы секунд қалғанда қарсыласын "иппон" ұпайымен жеңді. 

66 келіде турнирдің күміс жүлдегері атанған Елдос Жұмаханов бір сатыға жоғарылап, 11-ші орынға табан тіреді. IJF ережесіне сәйкес, бірінші орын иеленген спортшылар 700, екінші орын иеленген спортшылар 490, үшінші орын алған спортшылар 350 ұпайға қол жеткізеді.

IJF рейтингінде алғашқы елулікке енген қазақстандық дзюдошылар тізімі:

60 келі Елдос Сметов - 5 (4821) Ғұсман Қырғызбаев - 11 (3156)
66 келі Ерлан Серікжанов - 8 (4089) Елдос Жұмақанов - 11 (3504)
73 келі Жансай Смағұлов - 19 (2448)
81 келі Дидар Хамза - 17 (2602) Руслан Мұсаев - 49 (1036)

90 келі Ислам Бозбаев - 11 (3428) +100 келі Ерасыл Қажыбаев - 36 (1352)

Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар