Елдос Сметов ӘЧ-ге қатысатын жастарға сәттілік тіледі

©olympic.kz

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Елдос Сметов жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық дзюдошыларға сәттілік тіледі, деп жазады Vesti.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Дзюдо күресінен Қазақстан жастар командасы әлем чемпионатына аттанғалы отыр. Осы орайда, бәріміз жұдырықтай жұмылып, спортшыларымызға қолдау көрсетейік. Мен жастарға сенемін!

Бақтарың мен баптарың қатар шапсын, бауырларым! Еліміздің әнұранын шырқатып, байрағымызды биікте желбіретіп қайтыңдар", - деді Сметов. 

Елдос Сметов дзюдодан Рио Олимпиадасының күміс, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері. 2015 жылғы әлем чемпионы, Азия біріншілігі мен Азия ойындарының жеңімпазы. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар