Дзюдо
18 мамыр 2017 17:44
 
Екатеринбургтегі Grand Slam турниріне қатысатын дзюдошылардың тізімі жасақталды

  Пікірлер

blog.share

Екатеринбургтегі Grand Slam турниріне қатысатын дзюдошылардың тізімі жасақталды

20-21 мамыр аралығында дзюдодан Ресейдің Екатеринбург қаласында өтетін Grand Slam турнирінде Қазақ елінің намысын негізінен қосалқы құрамдағы балуандар қорғайды.

Еліміздің ең үздік дзюдошылары арасынан бұл жарыста тек Отгонцецег Галбадрах қана өнер көрсетеді. Аса жеңіл салмақта өнер көрсетіп жүрген бұл спортшының Рио Олимпиадасында жүлде алғанын жанкүйерлер жақсы біледі. Қазіргі кезде Галбадрах әлемдік рейтингте екінші орынды иеленуде. Сондай-ақ, әйелдер арасында Әйгерім Төреғожина (48 кг), Айкүнім Түйтекова (52 келі), Камшат Қарасайқызы (57 келі), Анна Старченко (57 келі), Әйгерім Мұратәлі (63 келі) және Аэлита Щербакова (70 келі) сынды балуандар бақ сынайды.

Ерлер сайысында аса жеңіл салмақта Айбек Имашев пен Асхат Телмановқа сенім артылып отыр. Олардың екеуі де талай дүбірлі додаларда ысылған сақа спортшылар. 66 келі салмақ дәрежесінде Әбілқайыр Мәуленин мен Әмірбек Жеңісов шеберлік байқасады. Бұл жігіттер жастар буынының өкілдері. 81 келі салмақта былтырғы жылғы ел біріншілігінің жеңімпазы Қажымұқан Өтеулиев боз кілемге шығады.

Жарнама

Живи спортом!