Дзюдо
13 ақпан 2017 17:27
 
Дзюдошыларымыз Парижде сәтсіздікке ұшырады

  Пікірлер

blog.share

Дзюдошыларымыз Парижде сәтсіздікке ұшырады ©azh.kz

Күні кеше Франция астанасы Париж қаласында дзюдодан  "Grand Slam" турнирі өтті, деп хабарлай Vesti.kz.

Бұл турнирге 61 елден 412 жуық спортшылар бағын сынап, өзара мықтыны анықтады. Еліміздің намысын 60 келіде Асхат Тельманов пен Ғұсман Қырғызбаев қорғады. Асхат алғашқы айналымда-ақ Трбовч Матьяжға есе жіберсе, Қырғызбаев бірінші белдесуінде Павел Петриковты қапыда қалдырды. Дегенмен, Ғұсман екінші айналымда әлем чемпионатының қола жүлдегері Орхан Сафаровтың осал тұсын таба алмады.

66 келіде ел намысын қорғаған Әбілхайыр Мауленнин алғашқы айналымда қытайлық Хуе Зиянгтен сүрінбей өткенімен, екінші белдесуінде жапон балуаны  Абе Хифумиге есе жіберіп қойды. Бұл салмақта сынға түскен тағы бір балуанымыз Мейіржан Қалтаев алғашқы айналымда Том Шмитті ұтып, жарысты сәтті бастады. Екінші айналымда да Имад Боссоудың тізесін бүктіріп, тек үшінші белдесуінде тәжірибесі мол маңғол Ганболды Херленнен таза ұтылды.

73 келіде өнер көрсеткен Елдос Жұмаханоы алғашқы айналымда жергілікті балуан Литл Лебретонды вазари әдісімен ұтты. Дегенмен Елдостың Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Рустам Оружевқа әлеуеті жетпей, иппон әдісімен жеңіліске ұшырады

Жарнама

Живи спортом!