Дзюдошыларымыз Азия біріншілігінен жеті жүлде олжалады
Қытайдың Гонконг қаласында дзюдодан Азия чемпионаты аяқталды. Жарыстың алғашқы күні Отгонцецег Галбадрах пен Елдос Жұмаханов күміс, ал Жансай Смағұловтың күміс медальді иеленгені жайында біз бұған дейін де хабарладық. Келесі күні қоржынымыз тағы төрт жүлдемен толықты.
100 келі салмақ дәрежесінде белдескен Максим Раков сегіз жыл бұрынғы нәтижесін қайталап, Азия чемпионы атанды. Біраз уақыт бойы бағы жанбай жүрген даңқты балуанымыз бұл жолы моңғолиялық Жаншивдорж Бундорж, өзбекстандық Шерәлі Жораев және кореялық Ким Хуеншолды ұтып, қазақстандық жанкүйерлерді қуантты. 90 келі салмақтағы Ислам Бозбаев та бастапқыдағы үш қарсыласын қапы қалдырды. Бір жарым жылдық үзілістен соң ұлттық команда сапына қайта оралған қандасымыз қырғызстандық Шахиер Ыдырысов, өзбекстандық Шахзодбек Сабыров және кореялық Гвак Донгханды жолынан ығыстырғанымен, финалда Тәжікстанның мықтысы Комроншох Устипиренға есе жіберді. Әйелдер сайысында Зере Бектасқызы мен Гүлжан Исанованың жеңіс тұғырына көтерілуге күш жігерлері жетті.
Сөйтіп, биылғы жылғы құрлықтың басты додасын Қазақстан құрамасы
1 алтын, 3 күміс және 3 қола медальмен қорытындылады. Еліміздің ерлер командасы жалпы есепте үшінші орынды иеленді. Алдымызда – Оңтүстік Корея (3 алтын+1 күміс+1 қола) мен Жапония (2+1+3). Сондай-ақ үздік бестіктің қатарына Тәжікстан (1+0+0) мен Иранның (0+2+0) балуандары қосылды. 1 күміс пен 2 қола медальді иеленген Қазақ елінің қыздары командалық есепте Қытаймен бірге төртінші және бесінші орындарды өзара бөлісті. Үздік үштіктің қатарында Жапония (6+0+0), Моңғолия (1+2+2) және Оңтүстік Корея (0+3+6) дзюдошылары бар.
Гонконгта өткен Азия чемпионатында жеңімпаз атанған балуандар:
Ерлер: 60 келі – Наохисо Такато (Жапония), 66 келі – Ан Баул (Оңтүстік Корея), 73 келі – Ан Чангрим (Оңтүстік Корея), 81 келі – Сотаро Фуживаро (Жапония), 90 келі – Комроншох Устипирен (Тәжікстан), 100 келі – Максим Раков (Қазақстан) және +100 келі – Ким Сунгмин (Оңтүстік Корея).
Әйелдер: 48 келі – Уранцецег Мұңбат (Моңғолия), 52 келі – Ай Шишиме (Жапония), 57 келі – Цукаса Йошида (Жапония), 63 келі – Нами Набекура (Жапония), 70 келі – Юко Оно (Жапония), 78 келі – Шори Хамада (Жапония) және +78 келі – Нами Иномори (Жапония).

Жарнама