Дзюдо
Бүгін 09:36

Дзюдошы Шамшаев Еуропа кубогының жеңімпазы атанды

©Сали Сабиров/ҚР ҰОК

Қазақстан құрамасы Дубровник қаласында (Хорватия) өткен Еуропа кубогының кезеңінде үш жүлде жеңіп алды.

Команда қоржынында бір алтын, бір күміс және бір қола жүлде бар.

73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Данияр Шамшаев жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

60 келіге дейінгі салмақта Дамир Болатбеков турнирдің күміс жүлдегері атанды.

Ал 78 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен Толқын Тұрсынақынова қолаға ие болды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport