Қазақстандық дзюдошы Нұрлыхан Шархан Будапештегі Әлем чемпионатын сәтті бастады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
100 келіге дейінгі салмақтың алғашқы айналымында отандасымыз түркіменстандық Баймурат Мажановты жеңді.
Келесі кезеңде отандасымыз бразилиялық Леонардо Гонсалвеспен кездеседі. Ол 100 келіге дейінгі салмақтағы рейтингте 3-орында тұрған дзюдошы.