Дзюдо
25 қыркүйек 16:42

Дзюдодан Қытайдағы Гран-приге ҚАзақстанна тек ерлер барады

©

Жуырда Қытайдың Циндао қаласында дзюдодан Гран-при турнирі өтеді. Жарыстың алғашқы күні 26 қыркүйекке жоспарланған.

Бұл турнирде Қазақстан құрамасының атынан сегіз спортшы сынға түседі. 

Олардың барлығы ерлер арасында бақ сынайды. Халықаралық федерацияның мәліметіне сәйкес, құрамға енген спортшылар төмендегідей:

60 келіге дейін: Алдияр Қарғұлов, Даурен Сүйеукенов

66 келіге дейін: Нұрмұхамет Ботабай, Ердәулет Босжа

73 келіге дейін: Қуан Барыс, Береке Рахматуллаұлы

81 келіге дейін: Әділет Алмат, Айғали Қалдыбек.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport