Дзюдо
Бүгін 16:01

Дзюдодан Қазақстанның іріктеу чемпионаты Оралда өтеді

©ҚР ҰОК

Оралда дзюдодан ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.

Ел біріншілігіне 17 облыстан 600-ге жуық дзюдошы қатысады. Олардың қатарында ұлттық құраманың спортшылары Мағжан Шамшадин, Бауыржан Нарбаев, Данияр Шамшаев, Ғалия Тынбаева, Мәди Амангелді, Дидар Хамза, Аружан Ережепова, Камила Берліқаш және Ақерке Рамазанова бар. 

Сондай-ақ чемпионаттың нәтижелері 2027 жылы халықаралық ареналарда ел намысын қорғайтын Қазақстан құрамасының сапын жасақтау барысында маңызды рөл атқарады.

Айта кетейік, ел біріншілігі 29 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Орал қаласындағы «Жайық» спорт кешенінде өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport