Дзюдо
19 қараша 2020 17:05
 
Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрама командасына жаңа бапкер тағайындалды

  Пікірлер

blog.share

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрама командасына жаңа бапкер тағайындалды © olympic.kz

Бүгін, 19 қараша күні дзюдодан Қазақстан ерлер ұлттық құрама командасының бас бапкері ауысты, - деп хабарлайды Olympic.kz.

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан дзюдо федерациясының кезектен тыс отырысы өтті. Ұлттық федерация басшысы Қайрат Қожамжаровтың жетекшілігімен өткен жиынға Қазақстан дзюдо федерациясының вице-президенті, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков, бас хатшысы Асхат Житкеев, дзюдодан Қазақстан Республикасының мемлекеттік жаттықтырушысы Жандос Қонысбаев пен атқарушы директоры Самат Жылқыбаев қатысты. Сондай-ақ, федерацияның вице-президенттері Бостан Жаңбырбаев пен Елдос Рамазанов жиынға видеоконференция режимінде қосылды.

Жиын барысында Қазақстан ұлттық ерлер командасына жаңа бас бапкер тағайындалды. Атқарушы комитеттің бірауыздан шешімімен Қазақстан ұлттық ерлер командасының бас бапкері болып дзюдодан Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, «Құрмет» орденінің иегері Ғалымжан Жылгелдиев сайланды.

Айта кетерлігі, құраманың бұрыңғы бапкері Айдын Смағұлов денсаулығына байланысты қызметін тоқтату туралы өтініш білдірді. Ол Қазақстан ерлер ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне 2018 жылы кіріскен болатын.

Өз кезегінде, Қазақстан дзюдо федерациясының  президенті Қайрат Қожамжаров Айдын Смағұловқа осы уақытқа дейін атқарған жұмысына алғыс айтып, жаңадан тағайындалған бас бапкерге сәттілік тіледі.

Анықтама үшін: Ғалымжан Жылгелдиев 1970 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Жаттықтырушылық жолын 1987 жылы Жамбыл облысының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде бастаған. 2017 жылдан бері Қазақстан ерлер ұлттық құрама командасының жаттықтырушысы қызметін атқарып келеді. Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, дзюдодан әлем чемпионы Елдос Сметовтың жеке жаттықтырушысы.

Жарнама

Живи спортом!