auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Дзюдодан Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте төртінші орынға табан тіреді

Төрт күн бойы әлемнің 61 елінен келген 500-ге жуық спортшы жүлдеге таласқан болатын.

Дзюдодан Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте төртінші орынға табан тіреді
Алматыда дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жекелей сын бәсекелері аяқталды. Төрт күн бойы әлемнің 61 елінен келген 500-ге жуық спортшы жүлдеге таласқан болатын. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан командасы 1 алтын, 1 күміс және 4 қола медальмен төртінші орын иеленді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарыстың алғашқы күнінде 50 келідегі Нұрқанат Серікбаев чемпион атанса, 70 келіден жоғары салмақта белдесетін Мадина Парагульгова күміске қол жеткізді.

Әлима Жұмағалиева (40 келі), Әділ Марлен (60 келі), Тілеген Тынарбай (66 келі) және Айдар Арапов (81) еншісінде қола медаль бар.

Жасөспірімдер құрамасының аға бапкері Ғайнулла Есенғалиевтің айтуынша, спортшылар ел намысын абыроймен қорғап шыққан.

"Әлем чемпионаты қарсаңында бір алтын, бір қола медаль аламыз деп жоспарлаған едік. Бірақ "арық айтып, семіз шығыппыз", спортшыларымыз жалпы есебі алты жүлде жеңіп алды. Татамиге шыққан дзюдошылардың басым бөлігі 2003-2004 жылы туғандар. Олар үшін бұл ең үлкен додалардың бірі. Спортшылардың нәтижесі көңілден шығады, олар өз еліміздегі турнирді абыроймен атқарды", - дейді бапкер.

29 қыркүйек күні командалық жарыс өтеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Тег:
Жаңалықтар
2 ақпан
13:57
7 қазан 2020
15:21