Дзюдодан Қазақстан құрамасы әлемдік Grand Slam жарысына қатысады

©

4-5 ақпан күндері Франция астанасы Париж қаласында дзюдодан әлемдік Grand Slam жарысы өтеді.

Байрақты бәсекеге әлемнің 85 елінен 500-ден аса дзюдошысы қатысады деп жоспарланған.

Париж татамиінде Қазақстан намысын қорғатын спортшылар тізімін ұсынамыз.

Ерлер:
60 келі: Мағжан Шамшадин, Нұрқанат Серікбаев
66 келі: Есет Қуанов, Ғұсман Қырғызбаев
73 келі: Жансай Смағұлов, Данияр Шамшаев
81 келі: Мадияр Сембаев, Абылайхан Жұбаназар
90 келі: Дидар Хамза, Айдар Арапов
-100 келі: Нұрлыхан Шархан, Бекарыс Сәдуақас
+100 кг: Жамбыл Тұрғыналиев, Әділ Оразбаев

Әйелдер:
48 келі: Абиба Абужақынова, Ғалия Тынбаева
52 келі: Әйгерім Әбілқадірова, Толғанай Әбеуова
57 келі: Дана Әбдірова, Дана Құсақбаева
63 келі: Есмигүл Куюлова, Самалай Ерғалиева
70 келі: Анастасия Маякова, Анастасия Морозова
-78 кг: Аруна Жангельдина, Назерке Тілеуханова
+78 кг: Камила Берліқаш, Ақерке Рамазанова

Айта кетейік, жуырда ғана Алмадада (Португалия) өткен Гран-При жарысында Абиба Әбужақынова алтын, Ғалия Тынбаева мен Жансай Смағұлов күміс медаль еншілеп қайтқан болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар