Дзюдо
7 қараша 09:30

Дзюдодан Қазақстан чемпионаты Семейде өтеді

©

10-13 қараша аралығында Семейде дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтеді.

Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 600-ден астам дзюдошы қатысады деп жоспарланған. Спортшылар 14 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі. 

Ел чемпионатының нәтижесінде 2025-2026 жылғы маусымға арналған ұлттық құрама жасақталады. 

Айта кетейік, додада сондай-ақ, аралас командалық сайыстар ұйымдастырылады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport