Дзюдо
Бүгін 14:31

Дзюдодан әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде қазақстандықтар жүлдесіз қалды

© ijf.org

Қазақстан құрамасының дзюдошылары Бакуде (Әзірбайжан) өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде бақ сынады.

66 келіге дейінгі салмақта Нұрқанат Серікбаев екінші айналымда жапониялық Такеши Такеокаға жол берді.

Ал Ақылжан Жұбатқанов дәл осы салмақта тәжікстандық Нурали Эмомалиден жеңіліп қалды.

Осылайша қос дзюдошы әлем чемпионатындағы жарыс жолын аяқтады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport