Бүгінде негізі Жапонияда қаланған дзюдо спортын білмейтін жан жоқ. Дзюдодан әлем додасына аз уақыт қалды, әлем біріншілігі мамыр айының 7-13 аралығында Қатар астанасында Дохада өтеді.
Бұл үлкен додаға баратын біздің құрамаға тоқтасақ, командаға кіл тәжірибелі балуандар іріктелді, дегенмен тәжирібесі мол құрамаға қаны қызу жастарымыз да қосылды. Оның жарқын мысалы 20 жасар Серікбаев Нұрқанат. Өте жақсы өнер көрсетіп келе жатқан Нұрқанат құрамаға ілінді, ол біздің қазақ елінің мақтанышы, аты аңызға айналған Елдос Сметовпен бір салмақта өнер көрсетеді (-60).
Тура осы мысалмен 22 жасар Данияр Шамшаев керемет өнер көрсетіп, өзінің жастығына қарамай құраманың тірегі десек қателейспейміз, сол салмақта тәжирибелі, жүлдеге үміткер Жансай Смағұлов өзінің тәжірибесімен бөлісдегі деген ойдамыз (-73).
Бұрымдыларға тоқтала кетсек, Анталиядағы грэнд слэм жарысында екі бұрымдымыз ақтық сынға шықты: Ғалия Тынбаева мен Әбибә Әбужақынова әлемді таңғалдырып, ІЧ-де осы жетістігін қайталайды деген ойдамыз.
-60 келі Елдос Сметов, Нұрқанат Серікбаев
-66 Ғұсман Қырғызбаев
-73 Жансай Смағұлов, Данияр Шамшаев
-81 Абылайхан Жұбаназар
-90 Дидар Хамза
-100 Нұрылхан Шархан
+100 Ғалымжан Қырықбай
-48 Әбибә Әбужақынова, Ғалия Тынбаева
-52 Толғанай Әбеуова
-57 Бақыт Кусакбаева
-63 Эсмигуль Куюлова
-70 Анастастасия Маякова
-78 Аруна Джангелдина
+78 Камила Берліқаш, Ақерке Рамазанова.