Ташкентте өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионаты жүлдегерлері қанша сыйақы алатыны белгілі болды, деп жазады Tengri Sport.
Абиба Әбужақынова (48 келіге дейін) мен Елдос Сметов (60 келіге дейін) турнирдің қола жүлдегерлері атанды.
Бұл нәтиже бойынша, қазақстандық спортшыларға 8 мың еуро (шамамен 3 миллион 660 мың теңге) төлем беріледі.
Жүлденің 1200 еуросын (шамамен 550 000 теңге) спортшылар жаттықтырушысына беруі тиіс.
Айта кетейік, әлем чемпионатының алтын медалі 26 мың еуроға, ал "күмісі" 15 мың еуроға бағаланған.
Әлем біріншілігінде төрт салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздарды анықтау қалды, турнирдің соңғы күні командалық стартта жүлдегерлер анықталады.