Дзюдо
24 ақпан 2017 19:59
 

Dusseldorf Grand Prix 2017. Алғашқы күні қоржынға жүлде түскен жоқ

  Пікірлер

blog.share

Dusseldorf Grand Prix 2017. Алғашқы күні қоржынға жүлде түскен жоқ Сурет ҚДФ ресми сайтынан

Германияның Дюссельдорф қаласында әлемдік Гран При турнирінің бірінші жарыс күні аяқталды, деп хабарлайды Vesti.kz сайты Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Жарыстың алғашқы күнінде ерлер 60 кг, 66 кг; әйелдер 48 кг, 52 кг және 57 кг салмақ дәрежелерінде өзара бақ сынады. Қазақстан ұлттық құрамасынан бүгін татамиге 5 дзюдошы шықты.

60 келіде татамиге бірінші шыққан Бауыржан Жауынтаев алғашқы айналымда-ақ испаниялық қарсыласы Джарижос Францискоға, ал осы жарыстың басты фавориті саналған Елдос Сметов бразилиялық Пелим Филипке вазари ұпайымен ұтылды.

66 келіде Азамат Мұқанов денсаулығының нашарлауына байланысты татамиге шыққан жоқ. Осы салмақта белдескен тағы бір отандасымыз Ғұмар Қырғызбаев бірінші айналымда АҚШ спортшысы Миранда Аугустоны ескерту қағазының аздығымен жеңгенімен, екінші айналымда моңғолиялық Довдон Алтансухтан вазари ұпайымен жеңіліп, жарыстан шықты.

52 келіде белдескен бұрымды балуанымыз Айкүнім Түйтекова жарысқа іріктеу кезеңінің екінші айналымында қосылғанымен, бразилиялық Валентим Елеудис арасындағы кездесуде үш шидо алып, жарысты әрі қарай жалғастырмады.

Гран При турнирінің бірінші күнінде Қазақстандықтар жүлдесіз қалды. Ертең, 25 ақпан күні ерлерден 73 кг, 81 кг әйелдерден 63 кг, 70 кг салмақ дәрежесіндегі дзюдошылар арасында жарыс жалғасады. Бұл салмақтарда ел намысын Жансай Смағұлов (73 кг), Азиз Қалқаманұлы (81 кг), Қажымұқан Өтеулиев (81 кг), Мариан Урдабаева (63 кг), Жанар Қашқын (70 кг) және Ділбәр Өмірәлиева (70 кг) қорғайды.

Естеріңізге сала кетсек, Дюссельдорф қаласындағы Гран При турнирі ақпанның 24-нен 26-сына дейін жалғасады. 50 елден 346 дзюдошы келген бұл турнирге Қазақстан Ұлттық құрамасынан 17 спортшы қатысады.

blog.share
Германияның Дюссельдорф қаласында әлемдік Гран При турнирінің бірінші жарыс күні аяқталды, деп хабарлайды
Vesti.kz сайты Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Жарыстың алғашқы күнінде ерлер 60 кг, 66 кг; әйелдер 48 кг, 52 кг және 57 кг салмақ дәрежелерінде өзара бақ сынады. Қазақстан ұлттық құрамасынан бүгін татамиге 5 дзюдошы шықты.

60 келіде татамиге бірінші шыққан Бауыржан Жауынтаев алғашқы айналымда-ақ испаниялық қарсыласы Джарижос Францискоға, ал осы жарыстың басты фавориті саналған Елдос Сметов бразилиялық Пелим Филипке вазари ұпайымен ұтылды.

66 келіде Азамат Мұқанов денсаулығының нашарлауына байланысты татамиге шыққан жоқ. Осы салмақта белдескен тағы бір отандасымыз Ғұмар Қырғызбаев бірінші айналымда АҚШ спортшысы Миранда Аугустоны ескерту қағазының аздығымен жеңгенімен, екінші айналымда моңғолиялық Довдон Алтансухтан вазари ұпайымен жеңіліп, жарыстан шықты.

52 келіде белдескен бұрымды балуанымыз Айкүнім Түйтекова жарысқа іріктеу кезеңінің екінші айналымында қосылғанымен, бразилиялық Валентим Елеудис арасындағы кездесуде үш шидо алып, жарысты әрі қарай жалғастырмады.

Гран При турнирінің бірінші күнінде Қазақстандықтар жүлдесіз қалды. Ертең, 25 ақпан күні ерлерден 73 кг, 81 кг әйелдерден 63 кг, 70 кг салмақ дәрежесіндегі дзюдошылар арасында жарыс жалғасады. Бұл салмақтарда ел намысын Жансай Смағұлов (73 кг), Азиз Қалқаманұлы (81 кг), Қажымұқан Өтеулиев (81 кг), Мариан Урдабаева (63 кг), Жанар Қашқын (70 кг) және Ділбәр Өмірәлиева (70 кг) қорғайды.

Естеріңізге сала кетсек, Дюссельдорф қаласындағы Гран При турнирі ақпанның 24-нен 26-сына дейін жалғасады. 50 елден 346 дзюдошы келген бұл турнирге Қазақстан Ұлттық құрамасынан 17 спортшы қатысады.

Жарнама

Живи спортом!