Будапеште дзюдодан Grand Slam турнирі өтеді

olympic.kz
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) «Grand Slam» турнирінің ресми түрде басталатынын мәлімдеді. Пандемия басталғалы бері алғаш рет өткізілетін жарыс 23-25 қазанға жоспарланған,- деп жазады Olympic.kz

Турнир Венгрия астанасы Будапештте өтеді. Жарыс барысында коронавирустың алдын алуға арналған медициналық хаттамаға баса назар аударылады. Әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты турнир кестесінде өзгерістер болуы мүмкін.

– Бұл әлемдік дзюдо мен спорттағы тарихи сәттердің бірі. Біз IJF ережелеріне сәйкес «Үлкен дулыға» турнирі өтетін кезді асыға күтудеміз. Турнир денсаулық пен қауіпсіздікті сақтауға арналған ғаламдық іс-шаралар аясында өтеді. Осындай қиын кезеңде ауызбіршілік көрсеткен баршаңызға рахмет айтқым келеді.  Біз COVID-19 жағдайына бейімделіп, сүйікті спортымыздың қайта оралуына атсалысудамыз. Спортшылар жарыс алаңына қайта оралу үшін біз қолдан келгеннің бәрін жасаймыз,- дейді IJF президенті Мариус Визер.
Метки:
Жаңалықтар