Дзюдо
14 қыркүйек 2021 18:27
 
Белгілі дзюдошыны пышақтап кетті

  Пікірлер

blog.share

Белгілі дзюдошыны пышақтап кетті © Кun.uz

Дүйсенбі күні кешкі уақытта Ташкентте белгілі өзбекстандық дзюдошыны пышақтап кетті деп жазады Vesti.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. Белгілі болғандай қылмысты спортшылардың бірі жасаған. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынды.

"13 қыркүйек күні Ташкенттің Учтелин ауданында 1992 жылы дүниеге келген Камолиддин Расуловтың шала-жансар денесі табылды. Қылмыс жасаған күдікті ұсталды", - дейді мемлекеттік прокуратураның өкілі.

Ұсталған күдіктінің үстінен "қасақана адам өлтіру" фактісі бойынша іс қозғалып отыр. Сот шешімімен қылмыс жасаған спортшы 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске салайық, Расулов 2012 жылы жастар арасында самбодан әлем чемпионы атанған. Дзюдодан 2019 жылы Ташкентте өткен Гран-при турнирінің күміс жүлдесін иеленген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!