Бар күш-жігерімді әлемдік сында жұмсайтыным сөзсіз - Жансай Смағұлов

Дзюдодан Қазақстан командасының мүшесі Жансай Смағұлов құрама сапында Будапешттегі Гран-при турниріне дайындалып жатыр, - деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі. 

"Биылғы маусым мен үшін айтарлықтай сәтті басталған жоқ. Екі жарысқа қатысып, екеуінде де жеңіліске ұшырадым. Бес ай бойы ірі турнирлерге қатысқан жоқпын. Әзірге олимпиадалық рейтингте 30-шы сатыдамын. Лицензия алатын мүмкіндік әлі де бар.

Бүгінде "Бәйтерек" базасында оқу-жаттығу жиыны өтуде. Алдағы бәсекелерге толық дайынбыз. Венгриядағы Гран-при турнирінде бақ сынаймын. Содан соң, әлем чемпионаты күтіп тұр. Бар күш-жігерімді әлемдік сында жұмсайтыным сөзсіз", - дейді Жансай Смағұлов.
Метки:
Жаңалықтар