Азия біріншілігінде бақ сынайтын дзюдошыларымыз жасақталды
24 мамырда Қытайдың Гонконг қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионаты басталады. Айтулы жарыста Елдос Сметовтен басқа, еліміздің барлық белді балуандары бақ сынайды. Әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Азия ойындарының жеңімпазы деген атағы бар қандасымыз әлі де жарақатынан айыға алмай жүрген сыңайлы.
Ерлер сайысында аса жеңіл салмақта ағайынды Ғұсман мен Ғұмар Қырғызбаевтар белдеседі. Былтыр әскерилер арасында әлем чемпионы атанған Ғұсман үстіміздегі жылдың сәуір айында Анталияда ұйымдастырылған Гран-при додасында бас жүлдені олжалады. Ғұмар да – бірқатар халықаралық турнирде атой салған сайыпқыран. 66 келі салмақ дәрежесінде Елдос Жұмаханов пен Азамат Мұқанов күш сынасады. Олардың да есімдері жанкүйерлерге жақсы таныс. Елдос бірқатар аса ірі халықаралық турнирлерде жүлдегерлер санатына қосылса, Азамат – әлем чемпионаты және Азия ойындары мен құрлық біріншілігінің жүлдегері.
73 келі салмақта Жансай Смағұлов боз кілемге шығады. Ол – Рио Олимпиадасына қатысып, көптеген дүбірлі додада мол тәжірибе жиған сақа спортшы. 81 келі салмақта Әзиз Қалқаманұлы мен Дидар Хамзаға сенім артылып отыр. Бұған дейін қос қандасымыз да құрлық біріншілігінде жүлде алған. 90 келі салмақ дәрежесінде Ислам Бозбаев пен Сұңғат Закирияев бар. Бір жарым жылдан аса уақыт үлкен спорттан қол үзіп қалған Исламның қазіргі бабы жақсы. Ол жуырда Бакуде өткен Гранд Слам турнирінде топ жарды. 100 келі салмақта әлем чемпионы Максим Раков өнер көрсетсе, аса ауыр салмақта тәжірибелі Ержан Шынкеев пен жас дарын Еламан Ерғалиев ел намысын қорғайды.
Әйелдер арасындағы басты үмітіміз аса жеңіл салмақтағы Отгонцецег Галбадрах екені даусыз. Бұл балуан былтыр Рио Олимпиадасында қола медальді иеленіп, қазіргі кезде әлемдік рейтингте екінші орынды еншілеуде. Осыған дейінгі Азия чемпионаттарында алдарына жан салмаған Мариям Ордабаева (63 келі) мен Гүлжан Исанова (+78 келі) Аспанасты елінде тек алтыннан алқа тағынуды көздеуде. Сол секілді соңғы кездері табысты өнер көрсетіп жүрген Әлбина Амангелдиева (78 келі) да өз жанкүйерлерін қуантуды мақсат тұтуда.
Өзге салмақ дәрежелерінде Севара Нышанбаева (57 келі ), Анна Казюлина (57 келі), Ділбар Өмірәлиева (70 келі), Зере Бектасқызы (70 келі) және Зарина Райфова (78 келі) сынды аруларымыз құрлықтың басты жарысында бақ сынайды.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр Кувейтте өткен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасына бірде-бір алтын бұйырмаған. Отандастарымыздың арасынан Максим Раков (100 келі) күміс алса, Мариям Ордабаева (63 келі), Гүлжан Исанова (+78 келі) және Ержан Шынкеев (+100 келі) қолаға қол созды. Ерлер бәсекесінде Жапония (3 алтын+2 күміс+2 қола) мен Оңтүстік Корея (3+2+0) құрамаларының қарқыны өте күшті болды. Үш алтыннан олжалаған қос команда жалпы есепте көш бастады. Үшінші орынға Өзбекстан (1+1+2) табан тіреді. Әйелдер сайысында Күн шығыс елінің қыздарына (3+1+3) тең келер ешкім болмады. Екінші және үшінші орындарда – Монғолия (2+2+0) мен Қытай (2+0+3) құрамалары.
Гонконгтағы Азия біріншілігі алты күнге созылып, 29 мамырда өз мәресіне жетеді. Содан кейін дүниежүзілік рейтингте жоғарылауға мүмкіндік беретін халықаралық турнирлер қайта жалғасады. Осы жарыстардың барлығы да үстіміздегі жылдың күзінде өтетін әлем чемпионатына даярлық ретінде қарастырылуда.

Жарнама