Дзюдо
Бүгін 19:22

Әйгілі Ута Абэ алтыншы рет әлем чемпионы атанды

©

2020 жылғы Олимпиада чемпионы, жапониялық дзюдошы Ута Абэ Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатында алтын жеңіп алып, алты дүркін әлем чемпионы атанды.

Абэ 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды. Финалдық белдесуде жапониялық балуан испаниялық Ариане Торо Солерді жеңді. Торо әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Бұл салмақта тағы бір испаниялық дзюдошы Аюми Лейва Санчес пен италиялық Одетте Джуффрида қола иеленді.

Бұған дейін Ута Абэ ересектер арасындағы әлем чемпионатында 2018, 2019, 2022, 2023 және 2025 жылдары жеңімпаз атанған. 

Бакудегі әлем чемпионатының жекелей жарыстары 10 қазанға дейін жалғасады, ал 11 қазанда аралас командалар арасындағы турнир өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport