8–10 мамыр күндері Астанада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық рейтингтік турнирі өтеді. Жарысқа қатысатын қазақстандық дзюдошылар белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ресми күнтізбесіне енген беделді турнир Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында өтеді.
IJF талаптарына сәйкес, жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге әлемдік және Олимпиадалық рейтинг ұпайлары үлестіріледі. Атап айтқанда, бірінші орынға – 1000, екінші орынға – 700, үшінші орынға – 500 ұпай беріледі.
Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде спортшылар 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алуға мүмкіндік беретін маңызды ұпайлар жинайды.
Жарысқа Олимпиада ойындарының, әлем және құрлық чемпионаттарының жүлдегерлері мен жеңімпаздары қатысады деп күтілуде.
Қазақстан құрамасы сапында әр салмақ дәрежесінде 4 дзюдошыдан қатысады. Жарыс жақындағанда құрамда аз-кем өзгерістер болуы да мүмкін.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жарнама