Үш дүркін Олимпиада чемпионы және 11 дүркін әлем чемпионы франциялық Тедди Ринер мен оның жеке бапкері Фрэнк Чамбилиге қазақ шапаны сыйға тартылды, деп хабарлайды Schrödinger Sport telegram-арнасы.
Әлемде аты аңызға айналған дзюдошы Алматыда қазақстандық спортшылармен оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.
Ринер оқу-жаттығу жиынына тәжірибе алмасу және қазақстандық дзюдошылардың шеберлігін арттыру мақсатында келді. Жаттығу лагері Франция Федерациясымен бірлесіп өткізіледі.
Бойы 205 сантиметрлі атақты спортшынының лақап аты - "Тедди аю".
Ринер дзюдодан әлем чемпионаттары тарихындағы титулы көп спортшы, ол Францияда үш рет жыл спортшысы болып танылды (2012, 2016, 2017). Ринер 100 келіден жоғары салмақта өнер көрсетеді.