Дзюдо
Бүгін 16:38

АЧ-ның жартылай финалына жеткен екі қазақстандық дзюдошы да жеңіліп қалды

©

Қазақстан құрамасының дзюдошылары Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қола медаль үшін таласады.

Турнирдің алғашқы күнінде 60 келіге дейінгі салмақта Шерзод Давлатов пен Аман Бақытжан жартылай финалға дейін жетті. Алайда олар финалға шыға алмады.

Шерзод Давлатов Тайбэй өкілі Ян Юнвэйге жол берсе, Аман Бақытжан Бахрейн спортшысы Руслан Полторацкийден жеңілді.

Осылайша, қос балуан енді қола медаль үшін белдеседі. Шерзод Давлатов Өзбекстан өкілі Самариддин Кучкаровпен кездеседі. Ал Аман Бақытжан Моңғолия спортшысы Туменаджаргал Тувшинтүрмен өзара мықтыны анықтайды.

Айта кетейік, бұған дейін 66 келіге дейінгі салмақта Нұрқанат Серікбаев финалдық кезеңге өткен еді. Ол қола медаль үшін өтетін кездесуде Қытай балуаны Цзыян Сюэмен белдеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport