Дзюдо
Бүгін 16:52

Абылайхан Жұбаназар дзюдодан ӘЧ жүлдесі үшін белдеседі

©ҚР ҰОК

Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Бакуде (Әзірбайжан) өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына өте алмады.

Жерлесіміз 81 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Зелим Цкаевпен (Әзірбайжан) белдесті. Нәтижесінде жергілікті балуан жеңіске жетті.

Ал Абылайхан Жұбаназар қола жүлде үшін күреседі. Оның қарсыласы әзірбайжандық Омар Раджабли болмақ.

Айта кетейік, финал бүгін, 7 қазанда өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport