Қазақстандық Абылайхан Жұбаназар Бакуде (Әзірбайжан) өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында жүлдеге бір қадам жетпей қалды.
Отандасымыз 81 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионатының финалдық бөлігіне дейін жетті.
Қола жүлде үшін өткен кездесуде қазақстандық дзюдошы әзірбайжандық Омар Раджаблимен белдесті.
Бұл бәсекеде Раджабли жеңіске жетті. Осылайша, Абылайхан Жұбаназар әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады.
Айта кетейік, бұған дейін Шерзод Давлатов (60 келіге дейін) әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған еді.