Дзюдо
Бүгін 17:42

Әбужақынова маусымды әлемдік рейтингтің көшбасында аяқтады

©

Дзюдодан спорттық маусым аяқталды. Әлемдік турдағы соңғы жарыс Жапонияның Токио қаласында өткен Grand Slam турнирі болды.

Қазақстан құрамасы бұл жарысқа қатысқан жоқ. Алайда бұл Әбиба Әбужақынованың әлемдік рейтингтегі көшбасшылық орнын сақтап қалуына кедергі келтірмеді.

Жыл соңында қазақстандық спортшының еншісінде 5096 ұпай бар. Ол 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде рейтингтің бірінші сатысында тұр.

Өкінішке қарай, басқа қазақстандық дзюдошылардың ешқайсысы үздік ондыққа ене алмады. Дегенмен Ғұсман Қырғызбаев (66 келіге дейін) пен Абылайхан Жұбаназар (81 келіге дейін) бұл межеге жақын болған еді. Екеуі де 14-орында тұр.

Айта кетейік, биыл Әбиба Әбужақынова Венгрияның Будапешт қаласында өткен әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport