Әбужақынова Антальяда ресейлік қарсыласын жығып жүлде жеңіп алды

©olympic.kz

Дзюдодан Қазақстанның әйелдер құрамасының мүшесі Әбиба Әбужақынова Антальядағы Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды olympic.kz.

48 келіде сынға түсетін Әбиба қола жүлде үшін күресте ресейлік Сабина Гилязованы жеңді. 

Төрешілер ресейлік спортшыға үш ескерту беріп, нәтижесінде Әбиба жеңімпаз деп танылды. 

Осылайша, Әбиба Әбужақынова биыл өзі қатысқан жарыстың бәрінен жүлде алып келеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар