Дзюдо
28 қараша 20:26

Әбибаның жүлдесі және чемпионнан кем болмаған қазақ. Абу-Дабидегі Grand Slam қалай өтуде?

©Айдос Балтабай

Абу-Дабиде өтіп жатқан дзюдодан Grand Slam турнирінің бірінші жарыс күнінде татамиге шыққан жеті балуанымыздың біреуі ғана жүлде алды, алайда, тәжірибелі қарсыласқа төтеп берген жас қазақстандықты да ерекше атап өткен жөн, деп хабарлайды Vesti.kz

Бүгін кілемге Қазақстан құрамасынан бірінші болып Нұрқанат Серікбаев шықты. 66 келіге дейінгі салмақта белдесетін Нұрқанат бірінші кездесуінде канадалық Жульен Фраскадорды жықты. Алайда екіншісінде ол испаниялық Гарсия Торнеден жеңілді. 

Осы салмақта тағы бір қазақстандық, Олимпиаданың жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев та күресті. Бірінші белдесуде ол мексикалық Джара Робинды жеңді де, екінші белдесуінде ресейлік Нагучев Абрекке есе жіберіп алды. 

Бұрымдылар арасында 57 келіде өнер көрсететін Бақыт Құсақбаева бірінші айналымда испаниялық Родригез Сальвадордан жеңіліп қалды.

Ал 48 келідегі Әбиба Әбужақынова 1/4 финалға дейін жетіп, онда күтпеген жерден қытайлық Синьжань Хуэйгеден иппонмен жеңілді. Алайда жұбаныш белдесуінде моңғолиялық Наранцэцэг Ганбаатарды қарымта әдіспен шалып жығып, үшінші орын үшін испаниялық Ева Перес Солермен күресіп, жарыстың қола жүлдесін иеленді.

60 келіде Мағжан Шамшаддин бірінші айналымда-ақ Араб Әмірліктері үшін өнер көрсететін Константин Симиеодиске есе жіберіп алды.

Осы турнирде бұл салмақта Қазақстан атынан тағы бір дзюдошымыз өнер көрсетті. Қазақстандық жас дзюдошы Аман Бақытжан жарысты жақсы бастады. Бірінші белдесуінде ол нидерландылық Джаринг Эмиельден басым түсті. Екіншісінде ботсваналық Пхутего Тумисоны белдесудің басында-ақ иппон әдісімен таза жықты. 

Алайда одан кейінгі қарсылас әлемдік рейтингте жоғары орындағы тәжірибелі дзюдошылардың бірі, әлем чемпионы және Еуропа чемпионы грузиялық Сардалашвилий Георги болды. 

Бұл белдесуде Аман әлем чемпионымен тең түсті де, жеңімпаз Golden Score-да анықталатын болды. Бұл кезеңде Аман қарсыласымен негізгі белдесуі уақытынан да көп күресті (алты минутқа жуық) де, төреші екі екіден ескерту алған қарсыластардың тартсысын қазақстандыққа үшінші ескертуден кейін шидо көрсетіп шешті. Осылай жеңіс грузиялықтың еншісінде кетті.  

Алайда айта кету керек Аман тура жарыс алдында тұмау жұқтырып алып, мүмкіндігін толық аша алмады. Бұл оның бірінші айқасында-ақ байқалды. 22 жастағы қазақстандық спортшының қимылы әлсіздеу көрінді, дегенмен, ол белдесудегі артықшылықты тек мінездің арқасында алған болатын. Ал соңғы екі белдесуі тіптен қатар, қатар әрі ұзаққа созылғаннын атап өткен абзал. 

 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport