Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Будапештегі (Венгрия) әлем чемпионатын қорытындылап, рейтингін жаңартты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Абиба Әбужақынова екін саты жоғарылап, екінші орынға көтерілді.
Отандасымыздың еншісінде 5662 ұпай бар. Бірінші орынға италиялық Ассунта Скутта (5958 ұпай) шықты. Ал франциялық Ширин Букли 5170 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.
Абиба көш басындағы Ассунтадан 296 ұпай ғана қалып тұр.

Айта кетейік, Әбиба Әбужақынова (48 келіге дейін) Будапештте (Венгрия) өткен әлем біріншілігінің финалында Италия өкілі Ассунта Скуттаға есе жіберіп, күміс медаль жеңіп алған еді.
Жарнама