Кеше Фуджейрада (БАӘ) дзюдодан Азия чемпионаты аяқталды. Татамиге шыққан балуандарымыз арасынан Ислам Бозбаев қана көзге түсті, - деп хабарлайды ҚР ҰОК.
Жартылай финалда тәжікстандық спортшыға есе жіберген Бозбаев қола медаль үшін күресте кореялық Донгхан Гвакты ұтты.
Осылайша, дзюдодан Қазақстан командасы Азия біріншілігінен 6 медаль еншіледі.
Ерлан Серікжанов Азия чемпионы атанса, Елдос Жұмақанов пен Галбадрах Отгонцэцэг күміс медальға қол жеткізді. Ғұсман Қырғызбаев, Севара Нишанбаева және Ислам Бозбаевтар құрлық додасынан қоламен оралмақ.
Жарнама