149 секундта чемпион! 21 жастағы қазақ ешбір қарсыласын минутқа шыдатпады

©olympic.kz

Қазақстандық дзюдошы Данияр Шамшаев Нұр-Сұлтандағы Азия чемпионатын екі жарым минутта жеңіп шыққан, деп хабарлайды Vesti.kz.

73 келіге дейінгі салмақ финалында 21 жастағы Шамшаев өзбекстандық Муроджон Юлдошевпен 34 секунд белдесті.

Данияр финалға дейінгі үш жекпе-жекте де бір минутқа жеткізбей жеңді: үндістандық Нингтоужама Суреш Сингх пен тәжікстандық Бехрузи Хожазодаға 42 секундтан, ал қырғызстандық Чингисхан Сагыналиевті жығуға 31 секунд уақыт кетірген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар