Джиу-джитсу
14 сәуір 2017 10:31
 
Мәди Құрманғожаев Абу-Дабиде алтын алды

  Пікірлер

blog.share

Мәди Құрманғожаев Абу-Дабиде алтын алды Фото Нұрсұлтан Орынбасаров

Бұл күндері Біріккен Араб Әмірлігінің астанасы Абу-Дабиде бразилиялық джиу-джитсу спортынан жастар мен жасөспірімдер арасындағы "Abu Dhabi World Jiu Jitsu Festival – Kids" додасында отандасымыз Мәди Құрманғожаев жеңімпаз атанды.

Бразилиялық джиу-джитсу спорты Қазақстанда қарқынды дамып келе жатқан спорт түрі саналады. Осы спорт түрімен айналысатын отандастарымыз талай ірі додаларда жүлдегерлер қатарынан көрініп жүр. Әсіресе, Абу-Дабиде өтетін дәстүрлі жарыста жүлдесіз оралмаған. 2016 жылы жас өрендеріміз 2 алтын 2 күміс 1 қола медаль жеңіп алған еді.

Биыл өтіп жатқан жарыста Мәди Құрманғожаев көк белбеулі спортшылар арасында жеңімпаз атанды. Осыған дейін бұл санаттағы сында қазақстандық спортшылар топ жармаған. Алғаш болып бұл жетістікті белгілі жаттықтырушы Нұрсұлтан Орынбасаровтың шәкірті бағындырып отыр.

Мәди Құрманғожаев – талантты спортшы. Өткен жылғы додада қола жүлдегер атанса, 2015 жылы әлем чемпионы атанған.

Жарнама

Живи спортом!