Қазақ қызы джиу-джитсудан халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

©Сурет спортшының жеке мұрағатынан

Қазақстандық Дана Төлеужан Испания астанасы Мадридте джиу-джитсудан көк белбеулер арасында өткен National Pro Spain халықаралық турнирінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл жарысқа әлемнің 30 елінен 500-ден астам спортшы қатысқанын айта кетейік. 55 келіде өнер көрсететін Дана Бекенқызы үшін бұл екі жылдан кейінгі оралу болып отыр. 

22 жастағы Дана қазіргі таңда әлемдегі ең белді білім ордаларының бірі саналатын Римдегі "Ла Сапиенца" университетінде білім алуда. Ал бұл турнирге қатысу үшін өзін қалыпқа келтіруге күш жұмсап, бірден бес келі салмақ түсіруге тура келген екен. 

"Бұл тек басы. Ары қарай да жетістіктерге жетіп, елімнің атын шығара бермекпін", - деп атап өтті Дана.

Айта кетейік, 2019 жылы Бекенқызы Дана Абу-Дабиде әлем чемпионаты аясында өткен ақ белбеулер арасындағы фестивальда күміс жүлде жеңіп алған болатын. 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар