Жарнама

Джиу-джитсу
Бүгін 20:06
 

Жағажайдағы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті

  Пікірлер

blog.share

Жағажайдағы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті ©ҚР ҰОК

Қазақстандық спортшы Нұржан Батырбеков джиу-джитсудан Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан жағажайдағы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық спортшы Нұржан Батырбеков джиу-джитсудан Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан жағажайдағы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Отандасымыз 69 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді.

Батырбеков ақтық сында оңтүстіккореялық Ли Джэёнмен белдесіп, қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті.

Осылайша ұлттық құрама қоржынына алғашқы алтын медаль түсті. Бұған дейін Батыр Теңізбай (62 келіге дейін) және Әлинұр Қуатұлы қола медаль алған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!