Бразилиялық спортшы көрермендерге шабуыл жасады
Бразилиялық джиу-джитсу бойынша Сан-Паулу қаласында өткен жарыста Эрберт Сантус жекпе-жектен соң көрермендерге тап берді, - деп хабарлайды "Спорт-Экспресс".
Бразилиялық джиу-джитсу бойынша Сан-Паулу қаласында өткен жарыста Эрберт Сантус жекпе-жектен соң көрермендерге тап берді, - деп хабарлайды "Спорт-Экспресс".
Ақтық сынға шыққан ол тізесінен жарақат алғаны туралы ескерту жасаған. Төреші жекпе-жекті тоқтатқан, алайда бұл оның қарсыласының командасына ұнамай қалса керек. Сантустың намысына тиетін сөздер айтылғаннан кейін, ашуға булыққан спортшы атып тұрып, соларға қарай ұмтылған. Жаппай төбелес басталған.
Жеңісті Сантустың қарсыласы - Фелипе Пенеге берді. Көрермендерге шабуыл жасаған спортшыны қауіпсіздік қызметінің мамандары спорт аренасында алып кеткен.
Жарнама