Азия азулыларын тізе бүктірді. Қазақ қызы джиу-джитсу әлем чемпионы атанды

©lada.kz

Қазақстандық Мөлдір Мекенбаева Абу-Дабиде өткен турнирде джиу-джитсудың не-ваза бөлімі бойынша әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz

Мекенбаева рейтингте бірінші нөмірлі болғандықтан бірінші белдесуді өткізген жоқ. Екіншісінде кореялық қарсыласын аяғына ауырту әдісімен жеңді. Үшінші кездесуінде бірнеше жыл бұрын есе жіберген филиппиндік спортшыдан есеп айырмасымен басым түсті. Төртінші белдесуде Азия ойындарының жүлдегері, вьетнамдық қарсыласын жықты. 

"Осы жолы дайындығыма сенімді болдым, өйткені тактика мен позициялық күреске үлкен мән бердім. 

Дайындық үшін жезделеріме алғыс білдіремін. Сонымен бірге, менің жеңісіме үлкен отбасым мен күйеуім зор үлес қосты. Туымызды ең биік тұғырға көтергеніме қуаныштымын", - деп жазыпты ол әлеуметтік желіде. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар