21 жастағы қазақ Азиада финалында алтынға белдеседі
©Тұрар Қазанғапов
Джиу-джитсудан Қазақстан құрамасының мүшесі Нұржан Батырбеков Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарының финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Джиу-джитсудан Қазақстан құрамасының мүшесі Нұржан Батырбеков Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарының финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жарыстың жартылай финалында 69 келіде өнер көрсететін Нұржан 2022 жылғы ӘЧ-нің күміс жүлдегері, Оңтүстік Корея спортшысы Чо Сон-Хенды жықты.
Енді финалда 21 жастағы қазақстандық БАӘ өкілі Мохаммед Әл-Суваидимен белдеседі. Жартылай финалда араб спортшысы өзге қазақстандық Алдияр Серікті жеңген еді.
Қазіргі таңда Қазақстан қоржынында Азиаданың 51 жүлдесі бар - бес алтын, 11 күміс және 35 қола.
Жарнама