Үш бірдей қазақстандық хоккей командасы Ресей біріншілігінде ойнамайтын болды

Сурет "Сарыарқа" сайтынан алынды.
Қарағандылық "Сарыарқа", өскемендік "Торпедо" және елордалық "Номад" келесі маусымда Жоғары хоккей лигасында ойнамайтын болды. Бұл туралы "Спорт-Экспресс" шолушысы Алексей Шевченко хабарлады. 

Оның мәліметі бойынша, бұл командалардың барлығы келесі маусымды коронавирусқа байланысты Қазақстанда өткізеді. 

"Жуық арада бұл жаңалықты хоккейшілерге айтады. Сосын олардың өздері командада қала ма, жоқ па шешеді", - деп жазды Шевченко твиттер парақшасында. 

Айта кетейік, ЖХЛ-де биыл 29 немесе 28 команда ойнайды. Әзірше қытайлық "Ценг Тоу" командасының мәселесі белгісіз болып тұр. Олар да вирусқа байланысты қаржылық қиындықтармен тап болды. 

ЖХЛ-дің соңғы маусымда аяқталмай қалған еді. Сондықтан да жеңімпаз анықталмады. 

Осылайша Ресей біріншілігінде қазақстандық клубтардан тек "Барыс" қалып отыр. Ол Құрлықтық хоккей лигасында ойнайды. 




Метки: