Златан Ибрагимович "Миланда" қалатын болды

Златан Ибрагимович. Сурет: worldfootballindex.com©

38 жастағы швед шабуылшысы Златан Ибрагимович "Миланмен" тағы бір маусымға келісімшартын ұзартатын болды. Бұл туралы "Чемпионат" италиялық БАҚ өкілдеріне сілтеме жасап хабарлап отыр. 

Келісімшарттың ұзартылуына негізгі себептердің бірі команданың қазіргі бапкері Стефано Пиолидің ұжымда қалатыны болып отыр. Бапкер екі күн бұрын екі жылдық жаңа келісімшартқа қол қойған болатын. 

Еске салайық, Ибрагимович "Милан" сапына қысқы трансферлік кезеңде қайтып келген еді. Биыл ол Италия біріншілігінде 16 кездесуге қатысып, 7 гол соғып, төрт нәтижелі пас берді. Оның қазіргі келісімшарты 2020 жылдың 31 тамызына дейін жасалған болатын. 

"Миланнан" бөлек шабуылшы "Мальме", "Аякс", "Ювентус", "Интер", "Барселона", "Пари Сен-Жермен", "Манчестер Юнайтед" және "Лос-Анджелес Гэлакси" секілді командаларда ойнаған. Жалпы карьерасында ол 759 кездесуге қатысып, 464 гол ұрған. 
 

Метки: