"Ювентустің" тағы бір футболшысы коронавирус жұқтырды

"Ювентус" футбол клубының жартылай қорғаушысы Уэстон Маккенни коронавирус жұқтырды.

Бұл туралы туриндік клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Кешеден бері бүкіл команда ойыншылары оқшауланған. Коронавирусқа тапсырған тесті теріс нәтиже көрсеткен ойыншылар жаттығуды жалғастырып, матчтарға қатыса алады. Алайда олардың командаластарынан өзге адамдармен байланысуына тыйым салынады.

Клуб денсаулық сақтау органдарымен үнемі байланыста екенін атап өтті.

"Ювентустің" келесі ойыны 17 қазанда өтеді. А сериясының 4-турында «Кротоне» командасымен кездеседі.

Айта кетейік, бұған дейін клубтың шабуылшысы Криштиану Роналду да коронавирус жұқтырған болатын.
Метки: