"Ювентус" Криштиану Роналдуды сатып жібергісі келеді

Криштиану Роналду. Сурет: thenationalnews.com©
"Ювентус" шабуылшы Криштиану Роналдуды сатпақ, деп хабарлайды Sport.es.

Дереккөздің хабарлауынша, клуб 35 жастағы португалиялық шабуылшымен келісімшартты жаңартуды жоспарламайды және оны келесі жазда, яғни келісім аяқталуға бір жыл қалғанда сатқысы келеді. Коронавирустық пандемияға байланысты "Ювентус" Роналдудың жылына 31 миллион еуроны құрайтын жалақысын төлеуге қиналуда. Туриндік клуб 2018 жылы Криштиануды сатып алуға жұмсаған 100 миллион еуроның бір бөлігін қайтарып алуға тырысады.

Италияның чемпионатының биылғы маусымында Криштиану Роналду төрт матч өткізіп, алты гол соғып, бір голдық пас берді. Шабуылшының "Ювентуспен" келісімшарты 2022 жылдың жазында аяқталады. Transfermarkt порталы Роналдудың құнын 60 миллион еуроға бағалады.
Метки: