"Ювентус" жазда Роналдуды сататын болды
Туриндік "Ювентус" келесі жазда клубтың жұлдызды ойыншысы - 36 жастағы португалиялық шабуылшы Криштиану Роналдумен қоштасуы мүмкін,- деп хабарлайды италиялық журналист Николо Скира.
Туриндік "Ювентус" келесі жазда клубтың жұлдызды ойыншысы - 36 жастағы португалиялық шабуылшы Криштиану Роналдумен қоштасуы мүмкін,- деп хабарлайды италиялық журналист Николо Скира.
"Криштиану Роналду маусым соңында "Ювентустен" кетуі мүмкін. Оның келісімшарты 2022 жылы аяқталады, бірақ оның жалақысы тым жоғары (жылына 31 миллион еуро), сондықтан клуб жазда ойыншыны сату туралы ойланып жатыр», - деп хабарлады Скира.
Еске салайық, Роналду 2018 жылдың шілдесінде «Реал Мадридтен» «Ювентусқа» ауысқан еді, содан бері ол барлық турнирлерде туриндік клуб үшін 121 кездесу өткізіп, 92 гол мен 22 нәтижелі пастың авторы атанды. «Ювентус» сапында екі рет Италия чемпионы атанды (2018/2019, 2019/2020) және екі рет Италия Суперкубогін жеңіп алды (2018, 2020).
Жарнама