"Ювентус" бас бапкерін ауыстырмақшы

Маурицио Сарри. Сурет: ©Reuters
Туриндік "Ювентус" Чемпиондар лигасында сәтсіз ойнайтын болса, бас бапкері Маурицио Сарриді қызметінен қуады,- деп хабарлайды журналист Танкреди Палмери. 

Дереккөздің айтуынша, команда басшылары бірнеше бапкерлермен байланысқа шығып, келіссөз жүргізген. Негізі "Ювентус" Зинедин Зиданды шақырғысы келген. Бірақ француз маман бұл ұсыныстан бас тартып, "Реалды" таңдаған. 

Сондай-ақ клуб басшылары Маурисио Почеттино, Симоне Индзаги, Лучано Спаллетти және Джан Пьеро Гасперинимен келіссөз жүргізген. 

Еске салайық, өткен аптада "Ювентус" тоғызыншы рет қатарынан Италия чемпионы атанды. Бұл 61 жастағы Сарри үшін карьерасындағы бірінші жүлде болды. 

Енді 7 тамыз күні туриндік команда "Лионмен" Чемпиондар лигасының 1/8 финалында кездеседі. Бірінші кездесу 1:0 есебімен франциялық команданың пайдасына аяқталды. 





.
Метки: