Роналду "Спортингке" ауысуы үшін "Ювентуспен" келісімшартын бұзуға дайын

Криштиану Роналду. Сурет: juventus.com©

Әлем футболының жұлдызы Криштиану Роналду португалиялық "Спортинг" командасына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Cuatro басылымы. 

Роналду бұл командада карьерасын бастаған. 1997 мен 2002 жылдар аралығында клубтың жастар академиясында болған. Кейін бір маусым негізгі құрамда өнер көрсетіп, сосын "Манчестер Юнайтед" сапына ауысқан. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, қазіргі уақытта Роналду "Спортинг" сапына ауысуы үшін "Ювентуспен" келісімшартын бұзуға кіріскен. Туриндік командамен оның келісімшарты 2022 жылдың жазына дейін жасалған. Футболшы "Спортинг" сапында аз жалақы алуға да келісіп отыр. 

 

Метки: